jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Павлодар облысында пәтерден табылған мәйіттер ісі екі баппен тергеліп жатыр

    қылмыс орны
    Қылмыс орны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Павлодар облысында Майқайың кентіндегі мумия мәйіттердің табылуына қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр. Атап айтқанда, "алаяқтық" және "қайтыс болғандардың мәйітін және олардың жерленген орнын қорлау" фактілері бойынша жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Ал мәйіт табылған үйдегі егде жастағы әйел мен оның үлкен қызы арнайы психиатрия диспансеріне орналастырылып, сонда емделіп жатыр. Мумиялардың арасында өскен алты жасар қыз Екібастұз қаласындағы балаларға арналған мемлекеттік мекемеде.

    Еске салсақ, сұмдық оқиға Майқайың кентінде биыл ақпан айында анықталған. Екі пәтерлі үйде бір отбасы тұрған. Бір бөлігінде әйел мен оның әкесі өлі күйінде табылса, екінші бөлігінде марқұм әйелдің қызы мен анасы болған. Марқұм әйел қатерлі ісікпен ауырған.

    "Полиция ҚР ҚК 314 және 190-баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеуде анықталады. Қазір тергеу жүргізілуде, сот-психологиялық және сот-психиатриялық сараптамалары тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

    Павлодар облысында пәтерден табылған мәйіттер ісі екі баппен тергеліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.