ІІМ өткізген операция: Қазақстанда дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Елімізде 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында "Дәрмек" іс-шарасы өтті. Оның мақсаты – есірткі және психотроптық дәрілердің заңды айналымын бақылау. Іс-шара барысында дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.
Жедел-профилактикалық іс шара аясында полиция қызметкерлері:
- әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғады;
- дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық істі тіркеді;
- мыңнан астам медициналық мекеме және 300 кәсіпорынды тексерді;
- 209 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады;
- 500 мыңнан астам дәрі және 1,5 мың тонна прекурсордың айналымына тосқауыл қойды.
- 73 кәсіпорын басшысын жауапкершілікке тартты;
- 136 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналды.
Басылым мәліметінше, Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевттеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Ақтөбеде ірі фармацевтикалық мекемеге қатысты іс қозғалып, 400 мың дәрі тәркіленді. Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы арнайы күзетсіз тасымалданған. Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау ережесі бұзылған.
Ішкі істер министрлігі мұндай заң бұзушылықтар қоғам үшін қауіпті екенін ескертті. Оған заң бойынша жауапкершілік қарастырылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2362575-retseptisiz-dari-satqan-almatyda-tort-farmatsevtke-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/