jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылды

    шенеунік
    Шенеунік. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Павлодар облысында экологиялық талаптарды бұзғаны үшін сегіз әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды өңір прокуртурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде Аққулы ауданының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың жиырмадан астам полигоны анықталған, олардың ешқайсысында қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат жоқ.

    "Экологиялық-санитариялық талаптарға сәйкессіздіктер анықталды, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттаманың жоқтығы, қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алу үшін жинақталған қалдықтардан түзілетін фильтрат пен ағын суларды бақылау жүйесінің жолға қойылмағаны белгілі болды.

    Өздігінен пайда болған полигондар қоқыс газының шығарындыларын бақылау жүйесімен жабдықталмаған.

    Анықталғандай, олар коммуналдық қалдықтарды бақылаусыз орналастыру салдарынан пайда болған.

    Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан коммуналдық қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілмеген", - делінген хабарламада.

    Нәтижесінде сегіз ауылдық округтің әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы сомасы 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл төленген.

    Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.