jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс атқаратыны белгілі болды

    Перизат Қайрат
    Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

    Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 10 жылға сотталған Перизат Қайрат қандай жұмыс атқаратынын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот шешіміне сәйкес сотталған Перизат Қайрат жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп жатыр.

    "Сотталушы мекемеде жұмыс істейді және кеңсе аумағын тазалайды", - деп қосты комитет өкілдері.

    Перизат Қайрат ісі

    Еске сала кетейік, 2024 жылғы 14 қарашада "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

    Қаржылық мониторинг агенттігі ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.

    Сол кезде ҚМА өкілдері қайырымдылық үшін жіберілген қаражаттың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалғанын хабарлаған еді.

    2024 жылы 14 қарашада Перизат Қайрат ұсталып, екі айға қамауға алынды. 2025 жылы наурызда Перизат Қайрат басқарған "Biz birgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық бірлестігі мәжбүрлі түрде таратылатыны хабарланды.

    Сонымен қатар Перизат Қайрат пара үстел теннисі федерациясының басшысы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Кейін Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдері қайырымдылық қордың тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайраттың жылжымайтын мүлкі бұғатталып, қымбат заттары тәркіленгенін мәлімдеді.

    Айта кетейік, Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс бойынша сот процесі 9 шілдеде басталды. Сот процесі ішінара жабық өтті. Прокуратура өкілдері хабарлағандай, Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқырды деп айыпталды.

    Перизат Қайрат та, анасы да тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген еді. Прокурор сот жарыссөзінде Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Сот үкімімен Қайрат пен Алашбаева 10 жыл мерзімге қайырымдылық қаражаттарын жинаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды (заңда көзделген ең ұзақ мерзім).

    Перизат Қайрат колонияда қандай жұмыс атқаратыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.