jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ұлытау облысында ер адам азаматтық некедегі жұбайын пышақтап өлтірді: әйелдің артында 4 баласы қалды

    пышақ
    Полиция қызметкерінің қолындағы пышақ. Көрнекі фото: David Young/picture alliance via Getty Images

    Ұлытау облысында 33 жастағы күдікті азаматтық некедегі әйелін 20 рет пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Марқұм әйелдің артында 4 баласы қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Телеарнаның хабарлауынша, оқиға Жәйрем кентінде болған. Марқұмның жасы 42-де. Артында төрт баласы қалды. Өзінің дүкені бар әрі бірнеше пәтерін жалға береді екен. Күйеуімен ажырасқан ол өзінен тоғыз жас кіші жігітпен көңіл жарастырған. Марқұмның туыстары күйеу бала азаматтық некедегі әйеліне де, балаларға да қол жұмсай бастағанын айтып отыр. Жұмыс істемеген.

    "Бірнеше рет полицияға ұстатып жіберсе де, шығып келіп кешірім сұраған. Соңғы жанжалдан соң, марқұм оны үйден біржола қуып жіберген. Бірақ араққа сылқия тойып келген жігіт әйелді өз дүкенінде қанжоса етіп пышақтап тастаған", - дейді телеарна тілшілері.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Жәйрем кентінде орын алған адам өлтіру фактісі бойынша  полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат ауруханадан уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Себебі қылмыс жасағаннан кейін ол өзіне қол жұмсаған. Тергеу жүріп жатыр. Тергеуді полиция департаментінің басшылығы қатаң бақылап отыр", - дейді Ұлытау облысы ПД бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

    Ұлытау облысында ер адам азаматтық некедегі жұбайын пышақтап өлтірді: әйелдің артында 4 баласы қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.