jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мемлекетке 4 млрд теңгеден астам шығын келген: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды

    Экстрадияланған қазақстандық
    Экстрадияланған қазақстандық. Видеодан кадр: Бас прокуратура

    Сеніп тапсырылған қаражатты ұрлады деген күдікпен Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Тергеу барысында аталған тұлға компания басшысы бола отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қаражатты ұрлау мақсатында, мемлекеттік сатып алу нормасын қолданбай, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықты жалға алудың заңсыз шартын жасағаны анықталды.

    Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде "Транстелеком" АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келген", - делінген хабарламада.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.

    Наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.

    Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.

    Мемлекетке 4 млрд теңгеден астам шығын келген: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.