"Күрекпен ұрған": Жетісу облысында ер адам көрші әйелді аяусыз соққыға жыққан деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Жетісу облысында ер адам көршісін күрекпен аяусыз соққыға жыққан деген күдікке ілінді. Жаға ұстатар жайт бір ай бұрын Ақсу ауданына қарасты Суықсай ауылында болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Жәбірленуші Гүлмира Қыстаубаеваның айтуынша, ер адам оны еш себепсіз қар күрейтін күрекпен өлімші етіп сабаған.
"Еш себепсіз. Сол жағдайды менің кәмелетке толмаған екі қызым көрген. Жерде қансырап жатқан денемді көріп, бұлар көмекке шақырған. Ол кісілер келіп көмек беріп, содан мені Ақсу аудандық орталық ауруханасына жеткізді. Ол жерде маған дәрігерлердің бәрі көмек көрсетіп сонда емделдім", - дейді ол.
Желіде тараған сурет пен видеодан әйелдің денесі көк ала қойдай болғанын көруге болады. Қолы сынып, саусақтары тігілген. Басынан жарақат алған. Ол ауруханада емделіп шыққан.
Айтуынша, дау ер адамның әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізіп, дөрекілік көрсетуінен басталған.
"Полиция денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған", - дейді Жетісу облысы ПД ресми өкілі Жанар Қалықова.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2364390-kurekpen-urgan-zhetisu-oblysynda-er-adam-korshi-aieldi-aiausyz-soqqyga-zhyqqan-degen-kudikke-ilindi/