jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Семейде ер адамдар биоорталықтағы арыстандарға тас лақтырған

    Арыстан бейнесі
    Аң патшасы - арыстан. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Семейде бірнеше ер адам биоорталықтағы арыстандарды таспен атқылаған, деп хабарлайды abainewskz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылым жазуынша, балалар биологиялық орталығында белгісіз ер адамдар арыстандардың назарын аудару үшін олардың қоршауына тас лақтырған.

    Аталған жайт бейнеленген жазбаны ұйымдастырушылардың бөлісіп, болған жайтты жануарларға көрсетілген қатыгездік деп атады.

    "Біздің биологиялық орталықта келушілердің, соның ішінде ересек адамдардың жануарларға тас, таяқ және басқа да заттарды лақтыру деректері жиілеп кетті. Бұл зиянсыз әрекет емес, бұл — жануарларға жасалған қатыгездік", - деп атап өтті мекеме өкілдері.

    Ұйым мүшелері Қазақстанда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң барын, онда жануарларға зиян келтіруге тыйым салынғанын және мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

    "Биологиялық орталықтағы жануарлар — бұл "ермек" емес, олар да ауырсынуды, қорқады, күйзелісті, сондай-ақ агрессия мен немқұрайлылықты сезетін жаратылыс иесі. Жануар кетіп қала алмайды, тығыла алмайды немесе өзін қорғай алмайды. Ол толығымен бізге тәуелді", - деп жазды биоорталық өкілдері.

    Семейде ер адамдар биоорталықтағы арыстандарға тас лақтырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.