jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысындағы 17 жастағы жасөспірім өлімі: барлық күдікті ұсталған

    үстелдің үстінде жатқан папка
    Папка. Иллюстрациялық фото: polisia.kz

    Түлкібас ауданында 17 жастағы жасөспірімді өлтіру фактісі бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұрын іздеуде жүрген екінші күдікті ұсталған, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің мәліметінше, Түркістан облыстық полиция департаменті осы іс бойынша барлық күдікті анықталып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

    "Күдіктілер ұсталды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс келесі айда сотқа жолданады деп жоспарланып отыр", - деп мәлімдеген ведомствоның баспасөз қызметі.

    Сонымен қатар полиция қару қолдану мән-жайы мен шабуыл себептері туралы ресми түсініктеме тергеу толық аяқталғаннан кейін берілетінін нақтылаған.

    Естеріңізге сала кетейік, былтыр 2 қарашада түнгі уақытта Түлкібас ауданында атыс қаруын қолдану дерегі тіркелген еді.

    Салдарынан бір адам қайтыс болып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді.

    Сол кезде полиция күдіктілердің жеке басы анықталып, олардың бірі ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеген болатын.

    Түркістан облысындағы 17 жастағы жасөспірім өлімі: барлық күдікті ұсталған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.