jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Блогер Жанабыловтар үкім жарияланғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)

    Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова
    Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова. Фото: instagram/zhanabylov_e

    Ерлі-зайыпты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова 27 сәуірде шыққан сот үкімінен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім шыққаннан кейін адвокат Гаухар Айтжанова Instagram-да stories жариялады.

    Видеода оның қорғауында болған блогерлер қазақстандықтарға үндеу жасады.

    "Біз сот пен прокуратураға қабылдаған шешімі үшін, сондай-ақ қамқор отандастарымызға қолдауы мен бізге деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс айтқымыз келеді.

    Жақындарымыз бәрін оқып отырды, ізгі тілектерін айтты. Гаухар Алтынбекқызы (Айтжанова - ред.) әрқашан: "бәрі сіздер үшін, сіздерді қолдайды" деп айтатын. Біз қателігімізді түсіндік, оны қайталамаңыздар. Сондықтан барлығына шын жүректен алғыс айтамыз", - деді Эльмира Төлегенова.

    Ерболат Жанабылов та қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін қысқаша алғыс айтты.

    Еске сала кетейік, 27 сәуірде елордалық сотта блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның әйелі Эльмира Төлегеноваға қатысты үкім жарияланды.

    Сот үкімімен Ерболат Жанабылов кінәлі деп танылды. Мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жанабыловқа тағайындалған жаза шартты деп танылды.

    Эльмира Төлегенова да екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оның жаза мерзімін өтеу екі жылға кейінге қалдырылды.

    Сондай-ақ Жанабылов пен Төлегенованың қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алған iPhone 16 (17 дана) және Hyundai Elantra (8 дана) көліктері тәркіленеді.

    Блогер Жанабыловтар үкім жарияланғаннан кейін қазақстандықтарға үндеу жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.