jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада трактор жүргізушісі полицейлерден тротуармен қашқан

    Тротуармен кетіп бара жатқан трактор
    Тротуармен кетіп бара жатқан трактор. Скрин: "Астана" телеарнасы

    Елордада жаяу жүргіншілер жолымен полициядан қашып бара жатқан көк трактордың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Аталған жайтқа қатысты қалалық ПД пікір білдірді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Телеарна дерегінше, трактор жүргізушісі мас күйде болған. Ол ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сот шешімімен оған 18 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Трактор коммуналдық тұраққа қойылды.

    "Көлікті мас күйде жүргізуге жол берілмейді және бұл өте қауіпті. Азаматтарды ережелерді сақтауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - деп ескерту жасады полиция департаменті.

    Астанада трактор жүргізушісі полицейлерден тротуармен қашқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.