jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыда жалғыз тұратын 81 жастағы зейнеткерді ұрлап әкетіп, мүлкін заңсыз иемденбек болғандар ұсталды

    Зейнеткер
    Зейнеткер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Алматыда 81 жастағы зейнеткерді заңсыз ұстап, мүлкін иемденбек болған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

    Алматы қаласының Түрксіб ауданында ер адамды заңсыз бас бостандығынан айырып, оған қатысты алаяқтық әрекеттерге барды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.

    ІІМ ресми медиа порталының хабарлауынша, Алматы қаласында жалғыз тұратын 81 жастағы зейнеткердің жоғалып кеткені туралы полицияға оның танысы хабарлаған. Жедел әрекет нәтижесінде зейнеткер қала маңындағы елді мекендердің бірінде, жергілікті тұрғындардың үйінен табылды. Оны ұрлады деген күдікпен үш адам ұсталды.

    Күдіктілер жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның жағдайын пайдалана отырып, бас бостандығын шектеген және жылжымайтын мүлкін өз атына рәсімдеуге көндірмек болғаны анықталды. Адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Күдіктілер — екі ер адам мен бір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    "Азаматтардың дер кезінде хабарлауы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр қылмыстың алдын алып, зейнеткердің құқықтары қорғалды", — деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

    Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға, сондай-ақ әр күдіктінің рөлін айқындауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Алматыда жалғыз тұратын 81 жастағы зейнеткерді ұрлап әкетіп, мүлкін заңсыз иемденбек болғандар ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.