jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қоқыстан тапқан: Ішкі істер министрінің орынбасары елтаңба үшін айыппұл арқалаған блогерге қатысты пікір білдірді

    Блогер
    Блогер. Фото: t.me/qumash_kz

    Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов сенат кулуарында қоқыстан тауып алған елтаңбаны үйіне іліп қойған блогерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Бұл факті бойынша расында да баға берілді. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сот шешімі бар. Ол – мемлекеттік рәміз, ал Конституцияға сәйкес, біз мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндеттіміз. Тиісінше құқықтық баға берілді, ол заңды және дұрыс баға", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

    Естеріңізге сала кетейік, Жетісу облысының тұрғыны Данияр Бейсқали Қазақстанның ескірген елтаңбасын пайдаланғаны үшін жазаланды. Ол елтаңбаны қоқыс арасынан тауып алып, қалпына келтіріп, үйіне іліп қойған еді.

    Қоқыстан тапқан: Ішкі істер министрінің орынбасары елтаңба үшін айыппұл арқалаған блогерге қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.