Астанада 20 жастағы жігіт стоматологияда көз жұмды
Жарияланған күні:
Астанадағы стоматологиялық орталықтардың бірінде 20 жастағы елорда тұрғыны қайтыс болды. Ақпаратты Астана қаласы полиция департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Астана полиция департаменті қаладағы стоматологиялық клиникалардың бірінде 20 жастағы астана тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу шаралары басталды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Бұған дейін Threads әлеуметтік желіcінде Астанадағы стоматологиялық клиникада жас жігіттің қайтыс болғаны туралы хабарлама тараған.
"Тіс дәрігері препаратты аллергиялық тестсіз енгізген. Инъекциядан кейін ол құрысып, жағдайы тез нашарлаған. Осыған қарамастан оған екінші препарат салынған. Кейін М көз жұмды. Сондай-ақ инъекцияны тәжірибеден өтуші дәрігер аллергиялық тестсіз енгізгені және тіс дәрігері жағдайды дұрыс бақыламағаны туралы хабарланды. 1993 жылы туған медбике де қатысқан", - делінген жазбада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2372415-astanada-20-zhastagy-zhigit-stomatologiiada-koz-zhumdy/