jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Шымкентте өзін ЭТҚ қызметкері ретінде таныстырып, 25 млн теңге иемденді деген азамат ұсталды

    күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: t.me/afm_rk

    ҚМА-ның Шымкент қаласы бойынша департаменті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған тұлғаның заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды ҚМА-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйекте күдікті өзін ЭТҚ қызметкері ретінде таныстырып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысынан алдау жолымен 25 млн теңге иемденген.

    "Ақша қаражаты медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал ету сылтауымен алынған", - делінген хабарламада.

    Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

    ҚМА ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын мәлім етті.

    "Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және алаяқтардың айласына алданбауға шақырады.

    Егер сіз осындай жағдайларға тап болсаңыз, 1458 нөмірі бойынша колл-орталыққа хабарласуды немесе "АФМ Insider" Telegram-боты арқылы ақпарат беруді сұраймыз", - деп үндеу жасады ведомство өкілдері.

    Шымкентте өзін ЭТҚ қызметкері ретінде таныстырып, 25 млн теңге иемденді деген азамат ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.