jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодар облысында 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке дерегі тарап кеткен

    ұстаз
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодар облысында білім беру саласының 2 мыңнан астам қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен. Кінәлілер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, 28 білім беру ұйымының құжаттарынан қызметкерлердің жеке деректері анықталған. Олардың қатарында анкеталық мәліметтер, тұрғылықты мекенжайлар және байланыс телефон нөмірлері болған.

    "Мұндай ақпараттың жария болуы еңбек заңнамасының нормаларын бұзады және оны алаяқтық мақсатта пайдалану қаупін тудырады", - деп атап өтті прокурор.

    Нәтижесінде прокуратураның қадағалау шаралары бойынша Павлодарда білім беру саласының 2 065 қызметкерінің жеке деректері ашық дереккөзден жойылды.

    Сонымен қатар кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Павлодар облысында 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке дерегі тарап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.