jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салынатыны рас па: ІІМ түсіндірмесі

    Жол
    Жол. Иллюстрациялық фото: Polisia.kz

    Әлеуметтік желіде Қазақстанда жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салынатыны туралы ақпарат тараған. ІІМ бұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Әлеуметтік желіде "жылдамдықты тіркеу шегі төмендеп, енді сағатына 2 шақырымға асырудың өзіне айыппұл салынады" деген мазмұндағы бейнеролик анықталды. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

    Оның айтуынша, құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту тәртібі өзгерген жоқ.

    "Бұрынғыдай әкімшілік жауапкершілік белгіленген жылдамдықты сағатына 10 шақырымға және одан жоғары асырған жағдайда ғана қолданылады.

    8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек камералардың жұмыс тәртібіне қатысты, яғни олардың өлшеу дәлдігі мен рұқсат етілген қателік шегін нақтылайды. Бұл құжат жүргізушілерге ешқандай жаңа талап енгізбейді және жауапкершілікке тарту шегіне әсер етпейді.

    Осылайша, "сағатына 2 шақырымға асыру үшін айыппұл салынады" деген мәлімдемелер – жалған", - деді ІІМ өкілі.

    Ол мұндай ақпаратты таратқан тұлға анықталғанын айтты. Сот шешімімен Рудный қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    "Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз", - деді Ақтоты Боранова.

    Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салынатыны рас па: ІІМ түсіндірмесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.