Ақтөбелік анасын аяусыз ұрып-соғып, қабырғасын сындырған: анасы ұлын кешірді
Жарияланған күні:
Ақтөбеде қыс кезінде болған жантүршігерлік жайт бойынша істі қараған сот бірнеше күн бұрын аяқталған, деп хабарлайды "Диапазон" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Іс материалдарына сай, 35 жастағы ер адам есірткіге мас күйінде үйіне келіп, анасы құрбысымен ішімдік ішіп отырғанын көрген. Ол қонақтың бетінен бірнеше рет ұрып, дастарханды төңкерген. Соққыға жығылған әйелді қорғамақ болған анаға да ұлы тап берген. Ол анасын да бетінен ұрып, жерге құлатқан. Артынша қылғындырған. Әйел тұншыға бастаған және сол арада ұлын өзін жіберуді өтінген. Осылайша екі әйел далаға шығып, полиция шақырған.
Сот-медициналық сараптама нәтижесіне сай, әйелдің екі қабырғасы да сынған.
Осылайша, сот істі денсаулыққа қасақана, орташа деңгейде зақым келтіру бабы бойынша қараған. Ал анасы сотта кешіргенін мәлімдеген. Ер адам 400 сағаттық қоғамдық жұмыстарды атқару түріндегі жаза кесілді. Ол үкім оқылғаннан кейін сот залынан босатылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2373480-aqtobelik-anasyn-aiausyz-uryp-sogyp-qabyrgasyn-syndyrgan-anasy-ulyn-keshirdi/