Есірткі қоймасына айналдырған: Семей тұрғынының гаражынан 154 кг марихуана табылды (видео)
Жарияланған күні:
Семей тұрғынының гаражынан 154 кг марихуана табылып, тәркіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, Семейде кешендi жедел-іздестіру мен арнайы іс-шаралар нәтижесінде елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткінің арнасы жойылды.
Жүргізілген тінту шаралары барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан жалпы салмағы 154 килограмм болатын аса ірі көлемдегі марихуана анықталып тәркіленді. Есірткі одан әрі Абай облысы аумағында тарату мақсатында целлофан қаптамаларына оралған.
"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар барлық күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ІІМ есірткі жеткізу арналарын құрудың кез келген әрекеті қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2374329-esirtki-qoimasyna-ainaldyrgan-semei-turgynynyng-garazhynan-154-kg-marihuana-tabyldy-video/