jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Бәйтерек" монументінің жанында түсірілген бейәдеп фото: астаналық студент жазаланды

    Астанадағы "Бәйтерек" монументі
    Астанадағы "Бәйтерек" монументі. Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова

    Астана соты "Бәйтерек" ескерткішінің жанында бейәдеп фотоға түсіп, оны әлеуметтік желіде жариялаған жас жігітке қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қ.-ға қатысты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша істі қарады.

    Астана соттарының баспасөз қызметінің хабарлауынша, әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында Қ. "Бәйтерек" монументінің жанында әдепсіз сипаттағы фотосурет түсіріп, оны желіде жариялағаны анықталған, осылайша қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.

    "Құқық бұзушының әрекеттері "Бәйтерек" монументін пайдалана отырып, әдепсіз визуалды ишарат жасаумен көрініс тапқан, бұл оның қоғамға айқын құрметсіздік танытып, жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын елемегенін көрсетеді", -делінген баспасөз хабарламасында.

    ️Сот отырысында Қ. кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

    Құқық бұзушылық фактісі фотосурет және іс материалдары арқылы расталады.

    Аталған баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

    Сот қаулысымен Қ. кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

    ️Жаза тағайындау кезінде сот құқық бұзушылықтың сипаты мен дәрежесін, қоғамға теріс әсер еткенін және қоғамға құрметсіздік танытуға бағытталған орынсыз мінез-құлқын, сондай-ақ құқық бұзушының жеке басын, оның ішінде 2006 жылы туған жас азамат әрі студент екенін ескерді.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    "Бәйтерек" монументінің жанында түсірілген бейәдеп фото: астаналық студент жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.