"Түркияда қазақстандық әйел жұмбақ жағдайда қайтыс болды": ақпаратқа қатысты СІМ жауап берді
Жарияланған күні:
Түркиялық басылымдарда Антальяда Қазақстан тумасы жұмбақ жағдайда қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл ақпаратқа Сыртқы істер министрлігі өкілдері түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Antalya bugün басылымының хабарлауынша, Антальядағы үйлердің бірінен Қазақстаннан келген әйелдің денесі табылған. Оқиға бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам 43 жастағы қазақстандық әйелдің жансыз денесін тауып алып, бұл туралы шұғыл көмек көрсету қызметіне хабарлаған. Оқиға орнына медициналық бригадалар мен полиция жіберілді.
Муниципалды дәрігер өлімді күмәнді деп санап, бұл мекенжайға тергеу топтары мен прокурорды жіберген. Әйелдің денесі өлім себебін анықтау үшін мәйітханаға жеткізілді", - деп жазады басылым.
Оған қоса қайтыс болған әйелдің 7 жасар қызы бар екені атап өтіледі.
Қазақстан СІМ өкілдері NUR.KZ тілшісіне ақпарат беріп, марқұмның Қазақстан азаматы емес екенін атап өтті.
"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ол Түркия азаматы және Түркия азаматымен некеде болған", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2375118-turkiiada-qazaqstandyq-aiel-zhumbaq-zhagdaida-qaitys-boldy-aqparatqa-qatysty-sim-zhauap-berdi/