jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Дубайдағы пәтерге тыйым салынды: Шымкентте білім саласына бөлінген 1,3 млрд теңге жымқырылған

    студенттер
    Студенттер. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент бойынша департаменті білім беру саласына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ҚМА мәліметінше, 2018-2023 жылдар аралығында "Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ЖШС мен "Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі" ЖШС құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған.

    "Қылмыстық схемаға колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де байланысы бар тұлғалар қатысқан.

    Азаматтар оқу орындарына формалды түрде қабылданғанымен, іс жүзінде білім алмаған. Бұл мемлекеттік білім беру тапсырысы және кадрларды қайта даярлау бағдарламалары аясында бюджеттен қаржы алуға мүмкіндік берген.

    Схема жалған оқуға қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтарды рәсімдеу, құжаттарды растау үшін электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалану, сондай-ақ орындалған жұмыстар туралы жалған актілер жасау арқылы жүзеге асырылған", - дейді ҚМА өкілі.

    Сонымен қатар медициналық колледждің ақылы бөлімінде оқыған студенттердің бір бөлігі мемлекет есебінен білім алушылар ретінде рәсімделгені анықталды.

    Бұдан бөлек Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі іс жүзінде жұмыс істемеген және тек бюджет қаражатын алу үшін формалды құрылым ретінде пайдаланылған.

    Мемлекетке келтірілген жалпы залал 1,3 млрд теңгеден асты.

    "Бір қызығы, схеманы ұйымдастырушы бұған дейін жасаған жымқыру фактісі үшін соңғы үш жыл бойы бас бостандығынан айыру орындарында бола тұра, заңсыз әрекеттерді сол жерден басқарған", - дейді ведомстводағылар.

    Тергеу барысында күдіктілер 65 млн теңге көлеміндегі залалды ерікті түрде өтеген.

    Сот санкциясы арқылы 3 пәтерге, оның ішінде Дубай қаласындағы пәтерге, 3 тұрғын үйге және 3 автокөлікке тыйым салынды.

    Екі күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, тағы үш тұлғаға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

    Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚМА өкілдері Қылмыстық-процестің кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын айтты.

    Дубайдағы пәтерге тыйым салынды: Шымкентте білім саласына бөлінген 1,3 млрд теңге жымқырылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.