Бейіт басынан қайтып келе жатқан: Талғар ауданында 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты
Жарияланған күні:
Талғар ауданында әкесіне құран бағыштап, бейіт басынан қайтып келе жатқан азаматты ауылдастары пышақтап өлтірген. Нұра ауылының 24 жастағы тұрғынының артында екі баласы қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна дерегінше, 24 жастағы Нұра ауылының тұрғыны інісін ертіп, бейіт басына барған. Қайтар кезде кикілжің жолды бөгеп тұрған көлік мәселесінен басталған. Күдіктілер көліктің өтуіне мүмкіндік бермей, ерегеске барғысы келмеген марқұмды үйіне дейін қуып барып, көліктен түскенде кеудесіне пышақ сұққан деген дерек айтылды.
Сонымен бірге полиция Нұра ауылының 3 тұрғынын күдікті ретінде ұстаған.
Ал марқұмның артында келіншегі мен екі қызы қалды. Біреуі тіпті жасқа да толмаған.
"Оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу аясында оқиғаға қатысушылар мен куәгерлердің жауаптары мұқият тексерілуде. Тергеу Облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп пікір білдірді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2375718-beiit-basynan-qaityp-kele-zhatqan-talgar-audanynda-24-zhastagy-zhigit-pyshaq-zharaqatynan-qaza-tapty/