jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматы облысында мұғалімді ұрды деп күдіктелген оқушының ата-анасы да жауапқа тартылмақ

    Құжат толтырып отырған полицей
    Құжат толтырып отырған полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматы облысында мұғалімді ұрды деп күдіктелген оқушыға қылмыстық іс қозғалды. Жарты айда жас түлек атанғалы отырған бозбала қазір "Бұзақылық" бабы бойынша тергелуде. Енді оған және ата-анасына жазаны сот тағайындайды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Жанжал 16 қаңтарда Алматы облысындағы ауылдардың бірінде орналасқан жаңа орта мектепте болған. Ал қылмыстық іс видео желіге тарап, үлкен шуға ұласқан соң қозғалып отыр.

    Телеарна мәліметінше, сабақ уақытында сыртта жүрген оқушыға мұғалім ескерту жасаған. Ұстаздың ұрысқаны балаға жақпай қалып, ол жұдырық ала жүгіріпті. Бұл әрекеті бейнебақылау камерасында анық көрініп тұр.

    Енді оның кәмелетке толмауына байланысты ата-анасы да жауапқа тартылады дейді облыстық полиция департаментінің өкілдері.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Алматы облысында мұғалімді ұрды деп күдіктелген оқушының ата-анасы да жауапқа тартылмақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.