jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Салтанат Нүкенованың қазасы": Бақытжан Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды

    Бақытжан Байжанов
    Бақытжан Байжанов. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

    Марқұм болған жеңгесі Салтанат Нүкенованың "өлімін жасырып қалды" деген айыппен сотталған Бақытжан Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Қуандық Бишімбаевтың бауыры қанша тырысқанымен, істі қараған кассациялық сот Байжанов келтірген уәжбен келіскен жоқ.

    Сот отырысына Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді, сотталған Байжановтың әйелі мен анасы, адвокаттары түгел келген. Байжановтың әйелі өз кезегінде отағасы тар қапаста отырғандықтан, күнделікті тұрмыс-тіршілікте қиналып жүргенін айтып, сезімге ерік берді. Анасы судьяның ескертуін тыңдамай, ақыры сот залынан шығарылды.

    Әуел баста Бишімбаевтың туысы 4 жыл жаза арқалаған болатын. Одан кейін Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылыққа ілігіп, жазасы қысқарыпты. Енді ол абақтыдан шамамаен жыл аяғында босап шығады.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    "Салтанат Нүкенованың қазасы": Бақытжан Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.