Шымкентте балаларын азаптаған ана сотталды
Жарияланған күні:
Шымкентте 30 жастағы әйелге қатысты сот үкімі жарияланды. Ол өз балаларын қатыгездікпен азаптады деп айыпталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, тергеу барысында әйел ұлы мен қызына психологиялық қысым көрсеткені, шаштарын қырып тастағаны және эмоционалдық қорлық көрсеткені анықталды. Сонымен қатар қаңтарда қатты аязда екі баласын мұздай суға күштеп кіргізіп, азаптағаны айтылады.
"Сот қаулы етеді: Е. Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылсын. Оған 5 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтесін. Бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Жаза мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі", - деді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Алтые Білтебай.
Сотталушы әйел мұндай әрекетке аффект жағдайында болғандықтан және күйеуінің туыстары тарабынан көрген қысым салдарынан барғанын айтты. Әйел үкіммен келіскен жоқ. Ол балаларының мемлекет қамқорлығында қалуын сұрады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2378358-shymkentte-balalaryn-azaptagan-ana-sottaldy/