Қазақстанның оңтүстігінде бірден жиырма адам тұтқындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жамбыл облысында алтын өндіретін кәсіпорынға заңсыз кіргені үшін бірден 20 адам тұтқындалып, 15 тәулікке бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жамбыл облысы соттарының ресми Telegram арнасында хабарланғандай, Мойынқұм аудандық соты қарашада күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру фактісі бойынша 20 азаматқа қатысты 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Сот 2026 жылғы 28 сәуірде түнгі уақытта Мойынқұм ауданындағы жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге жататын алтын өндіруші кәсіпорынның аумағына 20 азаматтың заңсыз кіргенін анықтады.
Сотта барлық құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, істеген істеріне өкініш білдірді.
Әрқайсысының кінәсі түсініктемелер, полиция қызметкерлері мен компанияның лауазымды тұлғаларының баянаттары негізінде дәлелденді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 506-бабының санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Сот кінәні мойындауды және жасаған ісіне өкінуді жеңілдететін жағдай ретінде мойындады. 9 құқық бұзушыға қатысты сот осындай құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауды ауырлататын мән-жайлар деп таныды.
Сот қаулыларымен барлық 28 азамат әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 506-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсы 15 тәулік мерзімге қамаққа алынды.
Сот қаулылары заңды күшіне енді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2378745-qazaqstannyng-ongtustiginde-birden-zhiyrma-adam-tutqyndaldy/