jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ата-анасы үйде болмаған": Алматыда тұрғын үй терезесінде тұрған баланы құтқарушылар аман алып қалды (видео)

    5 жасар баланы құтқару операциясы
    5 жасар баланы құтқару операциясы. Скриншот видеодан: t.me/qr_tjm

    Алматы қаласы Алатау ауданында құтқарушылар тұрғын үйдің алтыншы қабатында терезе маңында тұрған баланы құлап кетуден сақтап қалды. 5 жасар бала ашық терезеден құлап кетуі мүмкін еді. Ал бұл уақытта ата-анасы үйде болмаған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы қаласының Алатау аданындағы Мәдениет ықшам ауданында алты қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы пәтер терезесінде кішкентай баланың отырғаны және оның құлап кету қаупі бар екені туралы хабарлама түскен.

    "Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар автосатының көмегімен ашық терезе маңында тұрған баланы құтқарып алды. Оқиға кезінде пәтердің есігі құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған.

    Шамамен 5 жастағы құтқарылған бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

    ТЖМ ата-аналарға ескертеді: кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар және терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатыңыздар", - делінген хабарламада.

    "Ата-анасы үйде болмаған": Алматыда тұрғын үй терезесінде тұрған баланы құтқарушылар аман алып қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.