jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Ақтауда пластикалық отадан соң депутат көз жұмды": қылмыстық іс қозғалды

    Ербол Айтуов
    Ербол Айтуов. Фото: akzhol.kz

    Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың өлімінен соң қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін депутат пластикалық ота жасау кезінде қайтыс болғаны айтылған, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "49 жастағы ер адамның өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі жан-жақты әрі объективті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Stan.kz басылымы Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов Ақтаудағы пластикалық отадан кейін көз жұмғанын жазған еді. 49 жастағы ер адам иегіне липосакция жасату үшін клиникаға жүгінген.

    4 сәуірде наркоз енгізу кезінде емделушінің жағдайы күрт нашарлап, қан қысымы мен қанындағы қант деңгейі көтеріліп кеткен. Бұл ишемиялық инсультке және комаға әкеп соқтырған. Бір айдан кейін ол қайтыс болды.

    Жоспардан тыс тексеріс клиникадан бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Өңір прокуратурасы іс құзыреттілігіне қарай полицияға жолданғанын хабарлады.

    "Ақтауда пластикалық отадан соң депутат көз жұмды": қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.