jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Табыс 490 млн теңгеден асқан": Алматыда мемлекеттік сатып алу саласындағы ауқымды алаяқтық дерегі тексеріліп жатыр

    Ер адамның қолына кісен салуда
    Қолы кісендеулі ер адам. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алу саласындағы алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу амалдарына сай, ЖШС басшысы консалтингтік қызмет көрсету желеуімен коммерциялық ұйымдар үшін құрылыс жұмыстары тәжірибесін жасанды түрде қалыптастыру схемасын ұйымдастырған, деп хабарлайды ведомствоның ресми Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство ұсынған ақпарат бойынша "Электрондық депозитарий" жүйесіне орындалған жұмыстар мен нысандарды пайдалануға беру туралы жалған актілер енгізіліп отырған. Бұл клиент-компанияларға мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде негізсіз артықшылықтар берген. Схема әлеуметтік желілер мен интернет-платформалар арқылы белсенді түрде жарнамаланған.

    Қылмыстық топ құрамына 11 адам кірген. Сонымен қатар Шымкент қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларына жалған жұмыс тәжірибесін растағаны үшін заңсыз сыйақы жеткізіп отырған делдалдар анықталды.

    Қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін бақылаудағы заңды тұлғалар пайдаланылып, олар арқылы ақша қаражаты жинақталып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

    Ведомство мәліметінше, қылмыстық табыс көлемі 490 млн теңгеден асқан.

    "Тергеп-тексеру барысында жалған жұмыс тәжірибесін алған және мемлекеттік сатып алуға қатысқан 56 компания анықталды. Тексеру жүргізу үшін материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

    Қазіргі таңда үш күдікті қамауға алынды, тағы сегіз тұлғаға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

    Қылмыстық іс сотқа жолданды. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

    "Табыс 490 млн теңгеден асқан": Алматыда мемлекеттік сатып алу саласындағы ауқымды алаяқтық дерегі тексеріліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.