Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Алматы полициясының қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу барысы туралы түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы полициясы әл-Фараби даңғылындағы адам өліміне әкеп соққан апаттан кейін оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне осыған қатысты істердің бірі бойынша тергеу аяқталғанын мәлім етті.
"2026 жылдың 20 мамырында Алматы полиция департаментінің қызметкеріне (полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісі) қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 370-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, оның әрекетсіздігінен өлімге әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды. Қазір қылмыстық іс материалдары қаралуда", - делінген Ішкі істер министрлігінің жауабында.
Сонымен қатар ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті тыйым салынған сериясы бар мемлекеттік тіркеу нөмірін заңсыз беру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Қылмыстық іс тергеу сатысында.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етілмейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2380929-al-farabi-danggylyndagy-zhol-apaty-almaty-politsiiasynyng-qyzmetkerine-qatysty-tergeu-aiaqtaldy/