jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    14 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін күдікті деп танылған азамат Ақтау әуежайынан ұсталды

    Қолына кісен салынған ер адам
    Қолына кісен салынған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтау әуежайында Бакуге ұшпақ болған жерінен 2012 жылы Ресейде кісі өлтіргені үшін күдікті деп танылған күдікті азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бірлескен жұмыстың нәтижелерінің бірі ретінде Ақтау қаласының әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адамның ұсталды. Ол Баку қаласына ұшып кетпек болған кезде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Тергеу мәліметінше, 2012 жылы Ресей Федерациясының Калуга қаласында күдікті жанжал барысында үй иесінің басына шабатын затпен үш рет соққы жасаған. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.

    Сонымен қатар Ресей Федерациясының Владикавказ қаласында жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстады. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

    Тергеу мәліметінше, 2022 жылғы 14 қаңтарда Шымкент қаласындағы автосалондардың бірінде ер адам жергілікті тұрғыннан Toyota Camry автокөлігін 20 миллион теңгеге сатып беремін деген сылтаумен алған. Кейін құжаттарды қолдан жасап, көлікті белгісіз тұлғаға сатып жіберіп, жәбірленушіге материалдық шығын келтірген.

    14 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін күдікті деп танылған азамат Ақтау әуежайынан ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.