jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстанда бет-жүзін жабатын киім киген мыңнан астам адам жазаланды

    Хиджаб киген әйел
    Хиджаб киген әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстанда 1179 азамат түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей деңгейде бетті толық жабатын киімдерді қоғамдық орындарда кигені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы ІІМ министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындарда бет-жүзді тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге қатысты заң талаптарын еске салды.

    Ведомство мәліметінше, бұл норма "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңның 75-бабы 3-тармағында қарастырылған. Аталған талапқа сәйкес, адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретіндей деңгейде бетті толық жабатын киімдерді қоғамдық орындарда кию құқық бұзушылық болып есептеледі.

    Алайда бұл тыйым ауа райы жағдайларына, медициналық көрсетілімдерге, қызметтік міндеттерді орындауға, сондай-ақ спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуға қатысты қолданылмайды.

    ІІМ мәліметінше, жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3-бабында көзделген. Алғаш рет құқық бұзғандарға ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

    Қазіргі уақытта аталған норма бойынша 1179 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Министрлік бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Ведомство азаматтарды қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтауға шақырды.

    Қазақстанда бет-жүзін жабатын киім киген мыңнан астам адам жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.