jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жүргізуші куәлігін ауыстырмақ болған тұрғын өзінің психиатриялық есепте тұрғанын кездейсоқ білген

    Аурухана
    Көрнекі фото: Pixabay.com

    Абай облысының тұрғыны мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыруға тырысқанда, өзінің психиатриялық есепте тұрғанын білген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Жоғарғы сот баспасөз қызметі Telegram-арнасында хабарлады.

    Ер адам ауруханаға және Облыстың денсаулық сақтау басқармасына психиатриялық есепке қоюды заңсыз деп тану туралы сотқа шағым түсіріп, бұл мәліметті психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен алып тастауды талап еткен.

    Медициналық мекеменің комиссиясы талапқоюшыны есепке қою туралы мәліметтер қате, тиісті медициналық куәландырусыз және диспансерлік бақылау тәртібін бұза отырып енгізілді деген қорытындыға келген. Бірақ уәкілетті орган медициналық мекеменің бұл мәліметтерді ақпараттық жүйеден алып тастау қажеттілігі туралы өтінішін қараусыз қалдырған.

    "Медициналық мекеме өкілінің айтуынша, талапқоюшының амбулаториялық картасы жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты жойылған, бірақ жоюдың растайтын актісі ұсынылмаған.

    Денсаулық сақтау басқармасының өкілі тіркелімнен мәліметтерді алып тастау үшін талапқоюшы дәрігерлік-консультациялық комиссияның куәландыруынан өтуі қажет екенін атап көрсеткен.

    Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты істің материалдарын зерттеп, талап қоюшыны есепке қоюдың заңсыздығы туралы қорытындыға келді", - делінген хабарламада.

    Сонымен бірге жауапкерлер ️көптеген дәлелдеме ұсынбағаны атап өтілді.

    Денсаулық сақтау басқармасына психикалық науқастардың ұлттық тізілімінен талап қоюшы туралы мәліметтерді алып тастау міндеті жүктелді.

    Жүргізуші куәлігін ауыстырмақ болған тұрғын өзінің психиатриялық есепте тұрғанын кездейсоқ білген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.