jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Эвакуатормен алып кеткен": Оралда көршісінің көлігін ұрлады деген ер адам ұсталды (видео)

    ұрланған көлік
    Көлікті эвакуатормен әкетіп бара жатыр. Видеодан кадр: instagram.com/policebqo

    Оралда эвакуатормен көршісінің көлігін ұрлап кетті деп күдікке ілінген ер адам ұсталды. Көлік заңды иесіне қайтырлған, деп хабарлайды БҚО ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, БҚО полиция қызметкерлері құны шамамен 8 миллион 500 мың теңге тұратын ұрланған автокөлікті тауып, заңды иесіне қайтарған.

    Күдікті ретінде облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны анықталған. Ер адам үй ауласында тұрған Toyota Camry автокөлігінің есігі құлыпталмағанын байқап, кейін эвакуатордың көмегімен көлікті алып кеткен.

    Ұрланған автокөлікті полицейлер қала маңынан тапқан.

    Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталған. Ер адамның қылмыстық әрекеттері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

    Полиция азаматтарға мүліктің сақталуына салғырт қарау қылмыстық әрекетке себеп болуы мүмкін екенін ескертеді. Көлік иелеріне автокөліктің есігін әрдайым құлыптап, кілтті салонда қалдырмау және қосымша қорғаныс құралдарын пайдалану ұсынылады.

    "Эвакуатормен алып кеткен": Оралда көршісінің көлігін ұрлады деген ер адам ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.