jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Түні бойы азаптаған": Шонжыда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі адам ұсталды

    кісен ұстап тұрған полицей
    Кісен. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматы облысында 29 жастағы ер адамды ұрып-соғып, тірідей көміп кетті деген күдікпен екі адам қамауға алынды. Марқұмның мәйітін туыстары демалыс орнының маңынан тапқан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    "Біздің ағамызды өлтіріп кетті. 23 мамырда ол жұмысқа кетіп, содан үйге оралмады. Біз оны бірнеше күн іздедік. Тірі табылып, отбасына аман-есен оралады деп үміттендік. Бірақ 27 мамырда оның денесі жұмыс орнына жақын жерден, жерге көмілген күйі табылды. Түні бойы азаптаған. Үш адам бір өзіне шабуыл жасап, таспен ұрған. Ақыр соңында тірідей көміп кетіпті. Ол небәрі 29 жаста еді. Мейірімді, еңбекқор, ақкөңіл болатын", - деп жазды оның қарындасы әлеуметтік желіде.

    Полицейлердің мәліметінше, 29 жастағы жігіт әріптестерімен бірге демалыс орнында ішімдік ішкен. Кейін арасында жанжал туындап, марқұмды аяусыз соққыға жығыпты. Содан кейін қылмыстың ізін жасыру үшін оның денесін жақын маңға көміп тастаған. Қазір екі күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

    "Ішімдік ішіп отырғанда ер адам мен оның әріптестері арасында жанжал туындап, жәбірленушіні жарақаттаған. "Кісі өлтіру" және "қылмысты жасыру" фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Екі күдікті қамауға алынды. Тергеу шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған процессуалдық әрекет жүргізілуде. Қосымша тергеу нәтижелері бойынша оқиғада бірге болған үшінші адамға қатысты процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ернар Сәйділдин.

    "Түні бойы азаптаған": Шонжыда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.