jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жасырын камера арқылы анықтаған: Семейде 91 жастағы кейуанаға күтушісі қорлық көрсеткен

    Қарт адам
    Қарт адамның қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Семейде 91 жастағы кейуананы жалдамалы күтуші жүйелі түрде балағаттап, қорлағаны анықталды, деп хабарлайды "Жетінші арна".

    Күтушінің күтімінен күдік алған туыстары үйге жасырын камера орнатқан. Осы кезде қарттық жетіп, қауқарсыз күйде жатқан әжейге күтуші дөрекі сөйлеп қана қоймай, қолын батырғаны байқалып қалған. Осы жағдайға байланысты кейуананың туыстары полицияға шағымданған.

    Тексеру нәтижесінде күтуші әйелдің әрекетінен балағаттау, яғни адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлау белгілері анықталған.

    "Қарияға күтім жасаған әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қасақана қорлау белгілері анықталды. Сонымен қатар аталған құқықбұзушылық жеке айыптау санатына жататындықтан, кінәліні заңда белгіленген жауапкершілікке тарту үшін жәбірленуші тарапқа сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілді", - делінген Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

    Жасырын камера арқылы анықтаған: Семейде 91 жастағы кейуанаға күтушісі қорлық көрсеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.