jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    АИ-92 маркалы жанармай Қырғызстанға заңсыз шығарылған: қылмыстық іс сотқа жолданды

    Жанармай бекетінде отын құйып жатқан көлік
    Жанармай бекеті. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда АИ-92 маркалы бензинді Қырғызстанға заңсыз шығарумен айналысты деген күдікке ілінген топқа қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ҚМА мәліметінше, топ құрамында 9 адам болған. Заңсыз схеманы жүзеге асыру үшін олар мұнай өнімдерін сатып алу, құжат рәсімдеу және экспорттау мақсатында 12 заңды тұлғаны тіркеген.

    Бензиннің шығу тегін заңдастыру және оны шетелге шығару үшін күдіктілер "Қара Май ОйЛ" ЖШС мен Petro Bazis ЖШС шағын мұнай өңдеу зауыттарын пайдаланған.

    Құжат жүзінде кәсіпорындар АИ-92 бензинін жеңіл дистиллятпен немесе еріткішпен араластыру қызметін көрсеткен.

    Алайда іс жүзінде олардың қызметі бензинді ешқандай технологиялық өңдеусіз теміржол цистерналарына құюмен ғана шектелген.

    "Кейін жалған құжаттар рәсімделіп, олардың негізінде бензин ароматты көмірсутектер қоспасы, еріткіштер немесе жеңіл көмірсутектер қоспасы ретінде декларацияланған. Нәтижесінде автокөлік бензині мұнай-химия өнімі ретінде көрсетіліп, Қырғыз Республикасына заңсыз шығарылған. Бұл әрекеттер елдің ішкі нарығында мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалған кезеңде де жүзеге асырылған.

    Заңсыз экспортталған бензин көлемі 190 мың тоннадан асып, қылмыстық топтың көлеңкелі айналымы 37,2 млрд теңгеден асқан.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында "Түрксіб" станциясында Қырғыз Республикасына жөнелтілмек болған шамамен 500 тонна заңсыз бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды.

    Құны 138 млн теңге болатын тәркіленген бензин мемлекет кірісіне өткізілді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

    АИ-92 маркалы жанармай Қырғызстанға заңсыз шығарылған: қылмыстық іс сотқа жолданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.