jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырауда кәмелетке толмаған бір топ ұл-қыз 14 жастағы баланы пәтерде ұрып-соққан деген күдікке ілінді

    Жасөспірім
    Жасөспірім. Көрнекі фото: pixabay.com

    Атырауда жасөспірімді қатарластары пәтерге шақырып алып ұрып-соққан деген күдікке ілінді. Жәбірленген баланың анасы олардың арасында қыз балалар да бар дегенді алға тартып отыр. Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Атырауда кәмелетке толмаған бір топ ұл-қыз пәтерге жиналып, 14 жастағы ер баланы ұрып-соққан деген күдікке ілінді. Жәбірленушінің анасының айтуынша, оқиға 29 мамыр күні күндіз болған. Оқиға пәтерде болғандықтан, ұлым көмек сұрап, не қашуға мүмкіндігі болмаған деген анасы көз жасын жасыра алмады.

    "Менің 14 жастағы ұлымды бір топ жасөспірім жиналып алып ұрған. Бұл көшеде емес, не бір қоғамдық орында емес, пәтерде болған. Сондықтан ол қашып, көмек сұрауға мүмкіндігі болмаған. Мұның соңы не болар еді?! Ойлау қорқынышты. Зәбір көрсеткендердің арасында қыз балалар да бар. Бұл сұмдық қой! Ата-аналары қайда қарап отыр? Тіпті бір топ баланың ішінде біреуі жаны ашымаған", - дейді жәбірленуші жасөспірімнің анасы Марина Ли.

    Соққы алған баланың ата-анасының айтуынша, бұл пәтерде онға жуық оқушы болған. Арасында сыныптастары да бар болған дейді. Бұл туралы баланың өзі жақ ашпапты. Анасы кешкісін оқиға болған үйдің маңындағы көршілерден естіп дабыл қаққан. Қазір ол көп сөйлемей, мінезі тұйықталып қалды, дейді анасы.

    "Аямай тепкен, жұдырықтеп, бетінен, кеудесінен соққан. Мұрнын жарақаттаған. Із қалдырмауға тырысқан.  Бұл – жылы жаба салатын оқиға емес, қылмыс. Мұны істеген балалар да, ата-аналары да жауапқа тартылуы керек. Баламның мінезі өзгеріп кетті. Оны ұрып-соққанын ойласам, жүрегім ауырады", - дейді Марина Ли.

    Арасында 16-17 жастағы жасөсірімдер бар. Барлығы заң алдында жауап берсін. Ал полиция қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын айтты.

    "Атырау қаласының тұрғыны өзінің 14 жастағы баласының соққыға жығылғаны туралы хабарлама берді. Осы құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен 15-16 жастағы барлық тұлға заңды өкілдерінің қатысуымен полиция басқармасына жеткізілді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды", - деп пікір білдірді Атырау облысы ПД ресми өкілі Мейірім Ердәулет.

    Атырауда кәмелетке толмаған бір топ ұл-қыз 14 жастағы баланы пәтерде ұрып-соққан деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.