jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Бірге ішімдік ішкен": Алматыда жер үйлердің бірінде жас жігіт кісі қолынан қаза тапты

    Өтуге болмайды
    Сигналдық лента. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматының Түрксіб ауданында жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы жалдамалы уақытша баспанадан 32 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Полиция қызметкерлері адам өлтіру қылмысын ізін суытпай ашты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы жіберілді.

    "Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер қысқа уақыт ішінде марқұмның араласқан ортасын анықтап, күдіктінің ізіне шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға алдында екі адам бірге спирттік ішімдік ішкен. Кейін олардың арасында жанжал туындаған.

    Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті жәбірленушіге дене жарақаттарын келтіріп, соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған", - делінген хабарламада.

    Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, күдікті қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті тағамдық үлдірмен орап, басқа жерге алып кетуді жоспарлаған.

    Алайда ол өз ойын жүзеге асырып үлгермеген. Мәйіт табылғаннан кейін бірнеше сағат ішінде күдікті ұсталды.

    Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

    "Бірге ішімдік ішкен": Алматыда жер үйлердің бірінде жас жігіт кісі қолынан қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.