jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда массаж салонында интимдік қызмет көрсетті деген жеті әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді

    ұсталғандар
    Ұсталғандар. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_police_department

    Алматының Бостандық ауданында полиция қызметкерлері боди-массаж қызметін көрсету орталығы ретінде жасырын жұмыс істеген заңсыз мекеменің қызметін тоқтатты. Жеті әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Полиция департаментінің хабарлауынша, учаскелік полиция инспекторлары қаланың беделді аудандарының бірінде тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеріс барысында жеке тұрғын үйде сауықтыру қызметтерін көрсетеді деген желеумен интимдік сипаттағы қызметтердің көрсетілгені анықталды.

    Нәтижесінде жеті әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

    Аталған дерек бойынша жан-жақты тексеру шаралары қолға алынды. Сондай-ақ мекеме әкімшілігіне қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

    Алматыда массаж салонында интимдік қызмет көрсетті деген жеті әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.