Талдықорғанда 3 жастағы науқас қызын сабаған әке: сот қандай шешім шығарды
Жарияланған күні:
Талдықорғанда небәрі 3 жастағы қызын сабаған әкеге сот үкім кесті. Ол жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Жетінші арна".
Оқиға ақпан айында болған. Өз әкесі ұрып, денесінде сау тамтығы қалмаған бүлдіршін дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Балақай әлі де дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Белгілі болғандай, кішкентай қыз бұған дейін ауыр сырқатпен күресіп, Түркияда бауырына операция жасалған.
Ашуға мінген ер адам сол күні өзінің әйелін де соққыға жыққан. Күдікті өзінің тұрғылықты мекенжайынан мас күйде табылған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, туғандарына қатыгездік танытқаны үшін сот үкім кесті.
"Оқиғаға байланысты азаптау және ұрып-соғу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп пікір білдірді Жетісу облыстық ПД ресми өкілі Жанар Қалықова.
Еске салсақ, биыл ақпанда Жетісу облысында дене жарақатын алған үш жасар баланың анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Артынша өз баласын ұрып-соғып, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен баланың әкесі ұсталғанын жазған едік.
Кейіннен үш жасар қызын ұрып-соққан әкеге қатысты жаңа деректер айтылды.Кішкентай қыз бұдан екі жыл бұрын бауыр циррозына шалдығып, Түркияда ем алғаны белгілі болды. Ал ата-анасы қызының емі үшін халықтан жылу жинаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2385939-taldyqorganda-3-zhastagy-nauqas-qyzyn-sabagan-ake-sot-qandai-sheshim-shygardy/