Алматы әуежайында багажды тексеру кезінде шетелдік азамат ұсталды
Жарияланған күні:
Алматы әуежайында есірткі контрабандасына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҰҚК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, 30 мамырда ҰҚК полиция, кеден органдарымен және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, Алматы қаласының әуежайында есірткіні алып өту әрекетін тоқтатқан.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінен келген шетел азаматының багажын тексеру барысында шамамен 21 кг өсімдік заты "марихуана" табылған.
Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталған.
Полиция бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2386569-almaty-auezhaiynda-bagazhdy-tekseru-kezinde-sheteldik-azamat-ustaldy/