jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Павлодарда ер адам жедел жәрдем бригадасына пышақпен шабуылдаған

    жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Оқиға бүгін түстен кейін Павлодар қаласы Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. Ер адам өзіне көмек көрсетуге келген медицина қызметкерлеріне тап беріп, жедел жәрдем көлігінің ішін ойрандаған, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасының мәліметінше, шақырту 10 маусым күні 15:00-ке таман түскен. Хабарласқан адам көшеде белгісіз ер адамның жатқанын жеткізген. Дәрігерлер бригадасы аталған орынға 9 минутта жеткенімен, көмекке мұқтаж ер адам тарапынан шабуылға тап болған.

    "Медицина қызметкерлері ер адамға көмек көрсетпек болған кезде ол дөрекілік танытып, бригадаға пышақпен тап берген. Жүргізушіні жұдырықпен ұрып, кейін реанимобиль салонындағы медициналық препараттар толтырылған ампулаларды сындырып, көліктен медициналық қобдишаны лақтырып, ойран салған", - деп хабарлады жедел жәрдем станциясы өкілдері.

    Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылған. Зардап шеккен медицина қызметкерлері құқық қорғау органдарына тиісті арыз жазған.

    Өңірлік полиция департаменті шабуылдаған ер адамның ұсталып, мамандандырылған емдеу мекемесіне жатқызылғанын хабарлады.

    Полиция жедел жәрдем қызметкерлеріне қауіп төндіру немесе күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    Павлодарда ер адам жедел жәрдем бригадасына пышақпен шабуылдаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.