Полицейлер ұшақ бортында ұрланған 7 млн теңгеден аса қаржыны иесіне қайтарды
Жарияланған күні:
Криминалдық полиция қызметкерлері ұшақ бортындағы ұрлықты ізін суытпай ашып, 7,6 млн теңгені иесіне қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-нің ведомстволық сайтының жазуынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер Шымкент – Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жымқырған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы анықталып, ұсталған. Олар өз кінәларын мойындап, қамауға алынған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Көліктегі полиция департаменті азаматтарды сапар барысында қырағылық танытуға, жеке заттарды, құжаттар мен ақшалай қаражатты қараусыз қалдырмауға, бөгде адамдарға сеніп тапсырмауға және бағалы бұйымдарды үнемі бақылауда ұстауға шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2387283-politseiler-ushaq-bortynda-urlangan-7-mln-tenggeden-asa-qarzhyny-iesine-qaitardy/