jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    ІІМ: Ақнәр ісі бойынша ешбір қыз күдікті ретінде танылмаған

    Ақнәр Гүлстан
    Ақнәр Гүлстан. Кадр: "Астана" арнасы

    Ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділов Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатырғанын және іс материалдары Қытай Халық Республикасына жолданғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

    Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыстық іс ІІМ Тергеу департаментінің өндірісінде жатыр. Алматы қаласына аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші іссапармен жіберілген.

    "Сараптама нәтижелері мен қылмыстық істің бірқатар материалдары халықаралық тергеу тапсырмасы аясында Қытай Халық Республикасына жолданды. Қазір Қытай тарапынан нәтижелер күтілуде", – деді ол.

    Сондай-ақ Санжар Әділов іс бойынша Ақнәрдың жанында болған қыздардың ешқайсысы күдікті ретінде танылмағанын айтты.

    "Осы іс бойынша оның жанында болған қыздардың ешқайсысы күдікті ретінде танылған жоқ. Тергеу қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жалғасып жатыр", – деді министрдің орынбасары.

    Еске салсақ, Алматыда 2024 жылы 7-қабаттан құлап, қаза тапқан 21 жастағы бойжеткеннің анасы, күдіктілерді қамауға алу туралы қаулы шықса да, олар әлі бостандықта жүргенін айтып, жанайқайын жеткізді.

    ІІМ: Ақнәр ісі бойынша ешбір қыз күдікті ретінде танылмаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.