"Аузын жапқым келді": Сұлтан Сәрсемәлиев сотта әйелінің туыстарын қалай өлтіргенін айтып берді (видео)
Жарияланған күні:
Атырауда жоғалған отбасы мүшелерін өлтірді деп күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Сотта оның тергеу кезінде берген жауаптары көрсетілді, деп хабарлайды "Мой город".
Басылым мәліметінше, бүгін сотта Сәрсемәлиевтің сотқа дейінгі жауаптарының видео жазбалары көрсетілді. Ол Наурыз бен Мирамгүл Қарабалинаны өліміне қатысты деректерді айтқан.
Наурыздың өлімі
Сотталушының сөзінше, Наурызбен арада жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Күдіктінің сөзінше, төбелес кезінде Наурыз оны қылқындырған, ал ол болса асхана жаққа қарай жүрген.
"Ол мені қатты қылқындырды. Қарсыласуға күшім жетпеді. Бір кезде шкаята тұрған пышақты көрдім. Оны оң қолыма ұстап, сол жақ қолтығына сұға бастадым", - делінген іс материалдарында.
Сотталушы бірнеше пышақ жарақатын салған, бірақ нақты қанша рет салғанын білмейтінін айтты. Оның сөзінше, қолтығы мен арқа тұсына сұққан. Одан соң Наурыз мұны жіберген.
"Сәрсемалиев далаға жүгіріп шығып, Наурыз артынан келеді деп күткенін айтады. Алайда үйге қайтып оралғанда, ол асхана мен кіреберістің арасында ес-түссіз жатқанын айтады. Сол кезде ол Наурыз қайтыс болғанын түсінген.
Бұл оқиғадан соң күдікті кешке дейін далада отырып, полицияға хабар беру-бермеу туралы ойланған. Алайда бес баласы үшін қылмысты жасырмақ болғанын жеткізген. Ол сотталса, балаларын Қарабалиндер алып алады деп ойлаған, себебі Ақбаян оларға қарай алмайтын күйде болған", - деп жазады күдіктінің сөзін басылым.
Іс материалдарында күдікті түнде үй маңынан шұңқыр қазып, мәйітті кілемге орап, қазылған шұңқырға тастағаны жазылған. Одан соң, сөзінше, үйіне қайтып келіп, үйдің ішін жуып, кілемді өртеп жіберген.
Мирамгүлдің өлімі
Сонымен бірге сотта Мирамгүл Қарабалинаның өліміне қатысты деректер де айтылды. Күдіктінің сөзінше, ата-енесінің өлімінен кейін ол қызды Мұнайшы ауылына Ақбаянды қарап, оған көмектессін деген ниетпен әкелген.
Алайда араларында қақтығыс болған. Сәрсемәлиевтің сөзінше, Мирамгүл тамақтың жоқтығына, жағдай жасалмағанына наразы болған. Сонымен бірге анасының сөзін айтқан. Күдіктінің айтуынша, оның сөздері шамына тиген. Сәрсемәлиев істеген ісіне өкінбеген.
"Аузын дапқым келді. Үш адамды өлтіргеннен кейін қорқынышты ештеңе қалмады. Бәрібір мені жаза күтіп тұрғанын білдім, басқа жол жоқ", - делінген оның жауабында.
Ер адам Мирамгүлге пышақпен бірнеше рет қолтығы мен бет тұсына жарақат салғанын мойындады. Сондай-ақ ол Мирамгүлді өлтіргеннен кейін далаға шыққанын, ол кезде Ақбаян ұйықтап жатқанын және оқиға туралы ештеңе білмейтінін айтқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2387403-auzyn-zhapqym-keldi-sultan-sarsemaliev-sotta-aielining-tuystaryn-qalai-oltirgenin-aityp-berdi-video/