jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астана іргесіндегі ауылда үш жасар баланы ат таптап кеткен

    жылқы
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Астана іргесіндегі Талапкер ауылында ат таптап кеткен үш жасар баланың анасы кінәлі адамдардың жазалануын талап етіп отыр, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

    Айтуынша, қылмыстық іс қозғалғанымен, ат тізгіндеп, баласын жаншып өткен адам үйінде жайбарақат жүр. "Не кешірім сұрамады, не көмек бермеді" дейді бүлдіршіннің анасы.

    "Аттың үстіндегі бала менің баламды аттап өтемін деді ме, білмеймін, қалай өтетінін. Баламның бауырын езіп жібереді. Езіп жібергенде, балам айналып түседі. Баламның миы шайқалған, қолы сынған. Кінәлі жазықсыз қалмасын деймін. Көршілер де бар, куәгерлер де бар. Ол кісілер жауап береміз деп отыр", - дейді баланың анасы Салтанат Ибраева.

    Ал полиция қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтап жатыр. Кінәлі адам тергелген. Қазір баланы жансақтау бөлімінен нейрохирургияға ауыстырған. Жағдайы әлі  ауыр. Болған жағдайдан қатты шок алған көрінеді. Ұйқы безі зақымданған, басына зақым келген.

    Анасының айтуынша, жедел жәрдемге хабарласа алмаған соң, баланы ауруханаға өздері жеткізіпті. Оқиға 5 маусымда кешкі алты шамасында болған. 20-25 жастағы жігіттер балалар жүрген көшеде ат жарыстырып жүріпті.

    "Қылмыстық іс қозғалды. Бала медициналық мекемеге жеткізілді. Істің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.

    Астана іргесіндегі ауылда үш жасар баланы ат таптап кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.