jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан мерт болды

    пышақ ұстаған жасөспірім
    Пышақ ұстаған жасөспірім. Иллюстрациялық фото: Paul Bradbury/Getty Images

    Алматыда 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға кәмелетке толмағандар арасындағы жанжал кезінде болған, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жасөспірімнің қаза болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Онда 13 жастағы екі жасөспірімнің марқұм балаға көптеген пышақ жарақатын салғаны айтылған.

    Бұл дерекке қатысты полиция департаменті түсініктеме берген.

    Полиция мәліметінше, 10 маусымда Түрксіб ауданында пышақ жарақатынан 12 жастағы жасөспірім мерт болған. Қылмыс жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталған. Ол бұған дейін жәбірленушімен таныс болған.

    "Алдын ала мәлімет бойынша бұл жағдай кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында болған. Қазіргі уақытта күдікті мамандандырылған мекемеге орналастырылды", - деп хабарлаған полиция департаментінен.

    Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    Сонымен қатар бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі қаралап жатыр.

    Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.