Астанада шетел азаматтарына ЖСН-ді заңсыз рәсімдеу схемасы анықталды
Жарияланған күні:
Астанада шетел етел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) заңсыз рәсімдеу схемасы анықталды. Күдіктілер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен сыбайлас жемқорлық тетіктерін пайдаланған, деп хабарлайды ҚМА-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетел азаматтарына ЖСН беру олардың Қазақстан аумағында жеке қатысуы және міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтуі арқылы ғана жүзеге асырылады.
ҚМА-ның мәліметінше, алайда 2024-2025 жылдары өтініш берушілерге елге келмей-ақ ЖСН рәсімдеуге заңсыз көмектесетін қылмыстық схема ұйымдастырылған.
"Схеманы жүзеге асыру үшін әлеуметтік желідегі арна пайдаланылып, сол арқылы ЖСН-ды қашықтан алуға мүдделі шетел азаматтары іздестіріліп, тартылған. Қылмыстық әрекетке "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген.
Заңсыз сыйақы делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде беріліп, кейін схемаға қатысушылар арасында бөлінген", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданған.
Агенттік ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2387520-astanada-shetel-azamattaryna-zhsn-di-zangsyz-rasimdeu-shemasy-anyqtaldy/